Алматы тұрғындары заңсыз тұрақтарға мобильдік қосымша арқылы шағым түсіре алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғындары үй аулаларындағы заңсыз тұрақтарға арнайы мобильдік қосымша арқылы шағым түсіре алады. Жаңа қызметті жүзеге асырушылар ол үшін қосымшаны тек ұялы телефонға жүктеп, шағымды онлайн түрде жіберсе жеткілікті дейді. Сондай-ақ ыңғайсыздық тудырған көліктердің нөмірін де суретке түсіріп, қосымша арқылы тікелей жолдауға болады екен. Түскен өтініштердің барлығы жол сақшыларына тікелей жолданады. Мамандар ұялы телефонға тегін қосымшаны қыркүйек айында іске қосуды жоспарлап отыр.

«Біз жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Қазір жүйені пысықтап жатырмыз. Бұл өз кезегінде көп жұмысты да, көп шығынды да талап етпейді. Мобильді қосымшаны кез келген адам өз телефонына жүктеп алып, тіркелгесін емін-еркін қолдана беруіне болады», - деді жоба жетекшісі Азиз МЕДЕТ.


Новости партнеров