Алматыда төртінші рет велобәйге ұйымдастырылмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Велошабандоздар жарысы. Алматыда осымен 4-ші рет велобәйге ұйымдастырылмақ. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шараға биыл 1000 адам қатысады деп күтілуде. Тіпті, шетелден де спортшылар келіп, қала көшелерімен жүріп өтпек. Жарысқа қатысамын деушілер үшін тіркелу басталып кетті.

Биылғы спорттық шара былтырғыдан өзгерек. Яғни, веложарысқа қатысамын деушілер үшін жаңа дистанция қосылып отыр. Қашықтығы - 57 шақырым. Оған тек шосселік велосипеді бар шабандоздар ғана жіберіледі. Спортшылар шама-шарқына қарай ұйымдастырушылар биыл да қалыпты қашықтықтарды қалдырыпты. Яғни балалар үшін 14 және ересектер үшін 34 шақырымдар. Қазақстандық кәсіпқой велошабандоз Максим Иглинский жарысқа қатысуға ниетті. Ол велобәйгеге тіркеліп те үлгерген. Өткен жылы да жарысқа қатысқан екен.

«Алматының тас жолымен жүйітку - тым күрделі. Таулы аймақта орналасқандықтан өз қиындығы бар. Жылдамдықты 80 шақырымға дейін ұлғайтуға болады. Сондай-ақ жоғарыға шығу үшін біраз тер төгуге де тура келеді», - деді кәсіби велошабандоз Максим ИГЛИНСКИЙ.

Алматы веложарысы осымен 4-ші рет өткелі отыр. Велобәйгеге қатысушылар тіркелу үшін жол ұзақтығына қарай 2000, 4000 және 5000 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс.

«Веложарысқа қатысамын деушілерді тіркеу басталды. Үйден шықпай-ақ Almaty-maraphon.kz сайтында онлайн режимінде тіркеле аласыз. Бірнеше мемлекеттен спортшылар қатасыда деп күтілуде. Тіркелу 17 тамызға дейін жалғасады», - деді Алматы марафонының директоры Салтанат ҚАЗЫБАЕВА.

Жарыс кезінде қаладағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Велобәйге 20-шы тамызда ұйымдастырылмақ.  Қазірдің өзінде оған қатысамын деушілердің қатары қалың. Спорт додасына биыл 1000 адам қатысады деп күтілуде.

Перизат Көмекбайқызы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров