Алматы зообағының кассасынан 32 млн теңгені жымқырған экс-есепші 7 жылға сотталды

Алматы зообағының кассасынан 32 млн теңгені жымқырған экс-есепші 7 жылға сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы зообағының кассасынан 32 млн теңгені жымқырған экс-есепші 7 жылға сотталды. Медеу аудандық соты Марина Назароваға осындай үкім кесті. Еске сала кетейін, айыптаушы тараптың дерегі бойынша хайуанаттар бағының кассирі билеттен түскен пайданы иемденгені үшін айыпталған болатын. Ол сатылған билеттер туралы ақпаратты базадан өшіріп тастаса керек. Марина Назарова 2015-ші жылдың 28-ші желтоқсаны мен 2016-шы жылдың 29-шы қазан айы аралығында 34 мың билеттің ақшасын қалтасына басыпты. Ақша жымқыру дерегі салық қызметкерлерінің арнайы тексерісі барысында әшкереленген.

«Сот Назарова Маринаны кінәлі деп тауып, оған қылмыстық кодекстің 189-шы бабының 4-ші бөлімі негізінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оның дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінде, қаржылық орталықтарда 5 жыл қызмет етуден шеттетілсін. Оған тағылған, қылмыстық кодекстің 241-ші бабына сәйкес 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлесін»,-деді Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының судьясы, Фаррух ОМАР.

Бірақ шыққан үкімге экс-есепшінің туыстары келіскен жоқ. Айтуларынша, олар қолды болған 32 млн теңгенің бір тиынында көрмеген. Екі бірдей адвокат жалдаған Марина Назарованың жақындары алдымен қалалық сотқа аппеляция түсіреді.

«Ешқандай нақты дәлелдері болған жоқ. Ақша қайда? Ұрлаған 32 млн теңгесі қайда? Үйді тәркілегелі жатыр. Басымызда одан басқа ештеңе де жоқ. Ары қарай шағымданамыз»,-деді М. Назарованың күйеуі, Валерий НАЗАРОВ.


Новости партнеров