Алматыда "Әйелдер денсаулығы күні" өтті

Алматыда "Әйелдер денсаулығы күні" өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Әйелдер денсаулығы күні" деген атпен Алматы қаласы адам ұрпағын өрбіту орталығында ашық есік күні өтті. Шараға жарымжандар қатысып, медициналық мекеменің қызмет көрсету сапасын бағалап қайтты. Шара ұйымдастырушылары - Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен «Үздік дәрігер» қауымдастығы. Аталмыш акция  биылдыққа екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Маусым айында өткен бірінші шараға 10 жарымжан қыз-келіншектер қатысқан. Ашық есік акциясы аясында дәрігер генетик, акушер-гинеколог, ультра дыбыстық зерттеу дәрігерлері қабылдап, кеңес берді. Екінші рет өтіп отырған шараға репродуктивті жастағы жеті қыз-келіншек қатысып, «Үздік дәрігер» ұйымынан сыйлықтар алды

 

«Біз жарымжандарға арналған ашық есік күнін әр 6 ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Өйткені, репродуктивті жастағы кез-келген қыз-келіншек алдын-ала гинеколог тексеруінен өтіп тұруы керек. Әрбір әйел контрацепция, отбасын жоспарлау туралы сұрақтары бар. Осы шараға қатысып, барлық толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады»,- деді Динара МЫРЗАХМЕТОВА.

Новости партнеров