Алматыда 10 жас ғалым Атлетикалық ауылдан пәтер кілтін алды. Былтырдан бері бас-аяғы 120 қызметкер баспаналы болыпты. Сондай-ақ кәсіби мереке алдында академиктер пен атақты ғалымдарға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды. Оған қоса, ғылыми-зерттеу ұйымының жұмысшылары өткен жылды қорытындылап, саладағы мәселелерді талқылады. Ғалымдардың сөзінше, ғылымға мемлекет тарапынан жеткілікті деңгейде қаржыландыру жетіспейді екен. Өйткені, соңғы 3 жылда 17 миллиард теңгеден 11 миллиардқа азайған.
«Өте қатты қуанып тұрмын. Өйткені, мен бұл күнге дейін 6 жылдан бері Ұзынағаштан қатынап, жұмыс істеп жүрмін. Сондықтан мен сенерімді де, сенбесімді де білмей отырмын. Біз Алғабас1-де Атлеттер ауылында 3 бөлмелі пәтерді 20 жылға кейін сатып алумен», - деді ҚР География институты су ресурстары зертханасының аға ғылыми қызметкері Ахан МЫРЗАХМЕТОВ.