Алматыда 120 лауазымды тұлға пара алғаны үшін жауап берді

Алматыда 120 лауазымды тұлға пара алғаны үшін жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 120 лауазымды тұлға пара алғаны үшін жауап берді. Оның жүздегені мемлекеттік қызметкер. Былтырдан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 5 мың тексеріс жүргізілген. Оның 3 жарым мыңы кәсіпкерлерге қатысты. Мамандар парақорлықты азайтуға  электронды қызмет түрі көмектеседі, дейді. Әсіресе, бұл бизнесті енді бастаған жас кәсіпкерлерге мол мүмкіндік береді.

Ақпараттың барлығы сандық форматқа көшіп жатқанын дер кезінде байқаған Берікбол өз ісін сол саламен байланыстыруға бел буған. «Болашақ сапалы білімнен басталады» деген жас өркен, ұстаздар мен оқушылар қауымына ортақ сайт ашқан. Енді аталған интернет жобаның ұялы телефондағы қосымшасын іске қосқанды жөн санайды. Әйтсе де, идеяны іске асыруға қаржы қол байлауда.

«Жобаны іске асыру үшін 34 миллион теңге көлемінде ақша керек. Оны біз алғашқы жарнамасына құямыз. Қазіргі таңда сайт дайын, видео роликтері дайын. Енді бүкіл Қазақстанға тарту үшін қаражат керек. Егер жазғы мектептен ұтып жатсақ, оны мобильдік қосымшаға жұмсасақ. Барлығы мобильді қосымшаға келе жатыр. Жобаға кез келген студенттер, оқушылар, оқытушылар қатыса алады. Өздерінң жетістіктерін насихаттай алады, парфолясын енгізе алады. Біз осы оқу жылында озаттар жобасын таныстыра алатын боламыз», - деді жас кәсіпкер Берікбол ТӨЛЕГЕН.

Жастарға осы ретте жазғы мектептің старт-ап жобасы мол мүмкіндік береді. Бүгінде 150 жас кәсіпкер тың идеяларын ұсынуда. Ішіндегі ең озықтары қыркүйек айында ақшалай сыйлыққа ие болады. Нақтырақ айтқанда, 1 орын 1 миллион, 2 орынға -750 мың теңге, ал үшінші орынға- 500 мыңнан беріледі. Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықпен бетпе -бет көп кезедесетінін ескерген мамандар, ойлап тапқыштармен кездесуді құп көрген.

«Техниканың тілін жетік меңгерген жастарға мүмкіндік көп. Олар электронды түрде құжат тапсырып, уақыттарын үнемдейді, әрі сыбайлас жемқорлықтан аулақ болады. Соңғы алты айда  халыққа қызмет көрсету орталықтарына келген адамдардың тек 48 пайызы ғана өздеріне қажет құжаттарды электронды үкімет арқылы рәсімдеген. Келесі жылы бұл көрсеткіш кем 80 пайызға жетуі керек», - деді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик ШПЕКБАЕВ.

Шенеуніктер электорды қызметтің парақорлықты барынша азайтатына сенімді. Бүгінде ақша алып дәнікккендерден қарағанда құнныққандар көп. Бір жылда Алматыдағы 120 лауазымды тұлғаның пара алғаны үшін заң алдында жауап беруіне тура келді. Оның жүздегені мемлекеттік қызметкер. Оңтүстік астанада былтырдан бері бас-аяғы бес мың тексеріс жүргізілсе,  жарым мыңы дәл осы қалталыларға қатысты.

«Ішкі талдау жүргізудің нәтижесінде 8 айда  72 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, 109 ұсыныстар енгізілді. Оларың 44 пайызы нормативтиік құқықтық актілерге, ал қалған 56 пайызы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке қатысты. Мәслен, білім басқармасы қызметінде жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде, некесі бұзылған ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасау регламентінің жоқ екенін көрсетті», - деді  Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Геннадий ДАНИЯРОВ.

Жауапкершілікті ысырып қойған мекеменің тағы бірі - Алматы хайуанаттар бағы. Мұнда, сатып алынатын мал өнімдерінің сапасы анықтау жүйесінің жоқтығы, төлді есепке алуды автоматтандымағандықтан, оған қоса, билеттендірудің тиісті жүйесінің жұмыс істемеуі 32 миллион теңгенің ұрлануына әкеп соқтырған.

Әйкерім Ердәулетқызы, Рәшит шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров