Алматыда 123 миллион теңге үнемделіпті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Алматыда 123 миллион теңге үнемделген. Оның тең жартысы жол айрықтарын салу мен Универсиада нысандарын салу кезінде сақталыпты. Қаржының тиімді игерілуіне - мемлекет пен жекеменшік арасындағы серіктестік те септескен. Мұны Елбасы мақаласын талқылау жиынында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты. Игі үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Қаржы қыспағына қарамастан, Алматы экономикасы былтыр 2 жарым пайызға өскен. Соңғы 3 айда қала қазынасына 442 млрд теңге салықтық түсім түсіпті. Осы жылы әлеуметтік салаларға ерекше ден қойылады. Айталық, биыл денсаулық сақтау саласына 100 млн теңге бөлінбек. Одан өзге, жаңадан 7 мектеп салынады. Ізінше, әлеуметтік нысандардың сейсмотұрақтылығы нығаяды. Осы жылы Наурызбай ауданында күніне 500 адамды қабылдауға қауқарлы емхана қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, Алатау ауданында мәйітхана іргесін қалайды. Ал, индустриалды аймақта 38 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде, 5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.                    

Новости партнеров