Алматыда 23 жастағы жоғалған жігіт іздестірілуде

Алматыда 23 жастағы жоғалған жігіт іздестірілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 23 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр. Анасымен бірге қаладағы шипажайлардың бірінде емделіп жатқан одан 6-шы шілдеден бері хабар жоқ.  Жоғалған жігіттің суреті әлеуметтік желілер мен басылымдарға жарияланды. Оны тез арада табуға полицейлермен қатар, жігіттің туыстары, қала тұрғындары, еріктілерден жасақталған топ ат салысып жатыр.

23 жастағы Алмат «Көктем» шипажайына емделуге Астанадан келген. 6 шілде күні кешке аулаға демалып келемін деп шығып кетіп, содан оралмапты. Ақыл-есінде кемістік жоқ. Соңғы рет шипажай аумағындағы бейнекамераға кешкі сегіз жарымдарға таяу түсіп қалған. Содан бері хабар-ошарсыз.

«Біз демалуға келгенбіз. Сол демалыста 6-сы күні кешке ол прогулкаға шықты таудан төмен қарай түсуге содан балам келмеді. Сол келмегеннен біз заңды түрде розыскаға бердік оны іздеуге. Бірақ баламнан еш хабар болмады. Зацепка жоқ деді. Мен осы жерде Бостандық РУВД-сына бергенбіз»,- деді Алматтың анасы, Гүлшара ДҮЙСЕНОВА.

Бозбаланың жоғалғанына 20 күн өтті. Баласын іздеген ата-ананың үміті осыдан бірнеше күн бұрын тұтанған. Себебі, қала тұрғындары Алматты сауда орындарының бірінің алдында көргенін айтқан.

«Күзет қызметкерлері оны ұстап, Әуезов РУВД-сына өткізген. Енді ата-аналары 25 шілде күні Астанадан Алматыға ұшып келген. Бала жоқ»,- деді Ерікті, Ғани ҚОРҒАНҰЛЫ.

Еріктілердің айтуынша, бозбала құжатсыз болғанын көре тұра, полиция қызметкерлері оны жібере салған.

«Астанадан келген бойда, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына бет алдық. Бізді мекеме ішіне кіргізген жоқ. Баламыз жайлы сұрағанда, ол туралы ешқандай дерек жоқ екендігін айтты. Журналда тіркеу де, бейнежазба да жоқ деді. Ал Магнумға барғанда, баламызды полиция қызметкерлері алып кеткендігін көрдік. Кейіннен қайта тәртіп сақшыларына келіп, бірнеше күн бұрын дәл осы ауданның экипажы алып кеткендігін айттық»,- деді Алматтың әкесі, Сәбит ҚОРҒАН.

Алматтың әкесінің сөзінше, полицейлер баласын жібере салғаны туралы анықталған. Бірақ, айғақ болатын бейнежазба да ешқандай дәлел жоқ. Кенже ұлдарын ата-анасы табу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасап бағуда. Қала көшелерінде ұлының суретін іліп, әлеуметтік желілер мен басылымдарда жариялаған. Алмат осыдан 5 жыл бұрын жоғалып кеткен. Бірақ ол кезде қалтасында жеке куәлігі мен ақшасы болған. 1 аптадан кейін Қостанайдан табылыпты. Еріктілер мен туған туыстары Алмат аман болса, табылып қалар деп үміттенеді.

Перизат Көмекбайқызы, Мадина Үйсінбаева, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров