Алматыда 800-ден астам көлік айыппұл тұрағына қойылған

Алматыда 800-ден астам көлік айыппұл тұрағына қойылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол ережесін бұзған көлік жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр. Өйткені, полицейлер күшейтілген жұмысқа көшкен. Сақшылар алдағы мереке күндері жолда тәртіп бұзғандарды анықтап, оларға қатаң шара қолданбақ. Әсіресе, темір тұлпарын көрінген жерге қаңтарып кететіндермен күрес күшейтіледі. Тәртіп сақшылары бүгіннің өзінде көліктерін дұрыс қоймаған 40-тан астам жүргізушіні анықтады. Ал олардың 28-нің көлігін, тіпті, айып тұрағына алып кетті. Құзырлы органның мәліметінше, қалада күн сайын тіркелген 50 мың көлік жолға шықса, сырттан кіретін машиналардың саны 300 мыңнан асып кеткен. Сондықтан соңғы кездері жол ережесін бұзушылардың саны күрт өсіпті. Полицейлер жыл басынан бері 800-ден астам темір тұлпарды айып тұрағына кіргізсе, иелеріне 41 миллион теңгеден астам айыппұл салған.

«Жыл басынан бері Алматы қаласының жол патрульдік полициясы 4200-ден астам жүргізушінің көліктерін тұраққа дұрыс емес қойғандығын анықтады. Олардың қатарындағы 122 адам мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы қала бойынша көлігін тыйым салынған жерлерге қаңтарған жүргізушілерге 41 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров