Алматыда әлем жұлдыздарының қатысуымен «Star of Asia» фестивалі өтпек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаһандық жұлдыздарды бір арнада тоғыстырған «Star of Asia» фестивалі өтпек. Ән кеші 16-шы маусымда бастау алады. Ашық аспан астындағы ірі музыкалық фестивальге Американың поп жұлдызы Anastacia, Оңтүстік Кореядан "Аstro" тобы, Ресейлік «Серебро» және кештің арнайы қонағы әнші Араш шақыртылып отыр. Билет құны - 500 теңгеден бастап 8 мың теңге аралығында.

«Биыл музыкалық фестивальдің бірінші күні отандық өнер жұлдыздары бұрын-соңды көрсетілмеген шоу қояды. Ал екінші күні шетелдің танымал әншілері өнер көрсетеді»,-деді

«Star of Аsia» Халықаралық фестивалінің үйлестірушісі Сандуғаш ӘБДИЕВА.

«Кештің ең басты және көптен күткен әртісі Оңтүстік Кореядан келетін «Аstro» тобы. Бізге дәл осы топтың шақыртылуын сұрап өтініш жолдағандар көп болды. Сондықтан аудиторияның сұрауы бойынша сол топты шақырдық. Астро тобы «Star of Asia» жобасына қатысу үшін әлемдік турнесін тоқтатты»,-деді «Star of Аsia» Халықаралық фестивалінің менеджері Мадина БАЙМАҒАМБАЕВА.

Атап өтерлігі фестивль қатысушылары Біріккен Ұлттар ұйымының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселе бойынша жобасына қолдау көрсетпек. Ұйымның кейбір мақсаттары қалада қолға алынған «Алматы-2020» бағдарламасына сәйкес келеді. Мәселен, арзан бағада және таза энергия көздерін дамыту, тұрақты қала және елдімекен құру.

«Мен барлығымызды біріктіретін №17 мақсатты атап өтсем деп едім. Онда 2030 жылға қарай жақсы жетістікке қол жеткізіп, әлемге тұрақты дамуда көрсетілген барлық межеге қол жеткізе алатынын көрсету»,-деді БҰҰ ақпараттандыру бюросының жетекшісі Властимил САМЕК.


Новости партнеров