Алматыда алтын алатын шикізатты қытайға тасыған топ құрықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда алтын алатын шикізатты қытайға тасыған топ құрықталды. Күдіктілер алтын концентраттарын Алматыға, Астанаға, Степногорскіге және Қытайға тасыған. Қамауға алынғандар арасында қытайлық күдікті де бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тінту барысында қоймалардан шикізатта қымбат металдардың бар-жоғын анықтайтын заңсыз зертхананы да тапқан. "Алтынкөл" стансасынан Қытайға өтпек болған екі вагоннан құрамында алтыны бар 106 тонна руда шыққан. Тергеудің өзге мәліметтері құпия сақталуда. Алдын ала болжам бойынша, контрабандалық концентраттың құны 33 млн 116 мың теңге.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33