Алматыда "Астана" алаңы ашылды

08.09.2017 20:27

Алматыда жаңартылып, жөндеуден өткен «Астана» алаңы ашылды. Құрылыс жұмыстарының ерекшелігі сол, енді көліктердің жолы тарылып, есесіне жүргіншілерге басымдық беріліп отыр. Құрылыс жұмыстары халықтың демалуына ыңғайлы болуы үшін, тіпті белгілен уақытынан бұрын аяқталды. Жаңа кескіндегі алаңда енді түрлі ауқымды мерекелік шараларды өткізуге болады. Сондай-ақ ашық аспан астындағы амфитеатр да ашылған. Қала әкімі Бауыржан Байбек жаңа кескіндегі алаңды аралап, жарықпен нұрланатын екі құрғақ су бұрқақтың ашылуына қатысты.



Бұл жөндеуден өтіп, көліктердің емес халықтың жүруіне ыңғайланып жасалынған «Астана» жаңа келбеті. Онда темір тұлпарлардың жолағы қысқарып, керісінше жүргіншілер аймағына басымдық берілген. Қайта жасалған «Астана» алаңын ашылуында алматылықтар жанды дауыста концерт пен театрландырылған көріністерді тамашалады. Ал түнде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтан көптің көңілінен шықты. Алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Сәулетшілер құрылыс барысында материалдардың сапалы болуына аса мән берген. Төзімді гранитті жабын мен заманауи шамдар, субұрқақ көпке дейін халықты қуантады деп отыр.


«Астана» алаңының жаңартылған кескіні алматылықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын. Жобаға 30 шақты түрлі саланың мамандары жұмылды. Біз алаңның сәулетінен бөлек, құрылыс материалдарының сапалы болуын қадағаладық. Көлік тізгіндегендермен жүргіншілер арасын бөліп тұрған тастар да өте төзімді. Биыл Алматыда алғаш рет гранитті таза тастар төселді. Жабынның қалыңдығы шамамен 8 сантиметр болады. 10 жылдан астам уақыт  бойы әр кетпей, жақсы шыдас береді. Ал халықты көлік легінен боллард қорғап тұр», - деді сәулетші Роман ШНАЙДЕРМАН.

 

¤Алматылықтар әсіресе мұнда емін-еркін ауқымды шараларды өткізуге болады деп қуанды. Жаңартылған алаңда веложол, ашық аспан астындағы амфитеатр да қарастырылған. Айнала абаттандырылып, заманауи жарық көздері орнатылыпты. Онда адамдарға барынша ыңғайлы болуы үшін отырғыштар, шағын дүкендер де салынған. Енді жуық арада жалпақ жапырақты жасыл аллея пайда болады. Мұндай өзгерістерді дүйім жұрт бір ауыздан қолдаймыз деп отыр.


Жасыл желектің тамыры тереңге жайылуы үшін қазанда «Астана» алаңына жасыл желектер егіледі. Оның арасында биік болып өсетін қайың, терек бар. Жалпы 330 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылмақ.

 

Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы