|
06.07.2018 | 20:08
1844

Алматыда Астананың төл құрдастары марапатталды

Алматыда Астананың төл құрдастары марапатталды

Алматыда Астананың құрдастары марапатталды. Елорданың 20 жылдығын тойлаған салтанатты шарада әкімдер әннен шашу шашты. Арнайы автошеру өтіп, қайырымдылықтан түскен қаржы мұқтаж балаларға берілді.

Осыдан 20 жыл бұрын, 6-шілде күні іңгәлап дүние есігін ашқан қыздың бірі – Алина. Бүгінде дизайнер мамандығы бойынша оқып жатқан 2-курстың студенті  «Қазіргі жастар жаңа технология, ғылымға құштар, жаңашылдыққа әуес» - дейді. Жетісу ауданындағы екі жүз мыңдай халықтың ішінен туған күндері төл мерекемен сәйкес келген қос қызға аудан әкімі планшет сыйлады.

«1998 жылы 6-шілде Астанамен бірге дүние есігін ашқанбыз. Жалпы еліміз көркейіп жатыр. Тәй-тәй басып жатыр. Астананы туған күнімен шын жүректен құттықтаймын және Гүлнұр сені де құттықтаймын», – дейді Алина СЕЙІТҚЫЗЫ. 

«Елбасымен бірге бір күнде туғаныма өте қатты қуаныштымын және мені осы күні дүниеге әкелген анама мың да бір алғыс айтамын. Астана күні құтты болсын! Қазіргі жастар кішкентай кезінен бастап ақылдырақ және де технологияға жақынырақ деп ойлаймын», – дейді Гүлнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ. 

Жетісу ауданында шағын кәсіппен айналысатын адам көп. 10 мыңнан астам шағын кәсіп, 44 ірі өндіріс орындары тіркелген. Ел экономикасының өсуіне өзіндік үлес қосқан бизнес өкілдері де бүгінгі салтанатты шарада Астананың 20 жылдық төсбелгісімен марапатталды. 

«Қазақтың ұлттық ойындары, арқан тарту тағы басқалар осында біздің территориямызда болып жатыр. Менде өзім «Атамекен» әнімді арнадым. Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары, алматылықтар, отандастар баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы Астананың 20 жылдығы баршаңызға құтты болсын! Жұртымыз тыныш, еліміз аман болғай», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав ВАВИЛИН.

Ұзақ өмір салтын сабақтастырғысы келген қариялар саябақта сап түзеп, жаттығулар жасаса, жалаулатқан  автошеру де  аудан халқының көңілін көтерді. Көлік шеруінен түскен қаржы мұқтаж балаларға беріледі.  

Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы   


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир