|
19.06.2017 | 11:05
1405

Алматыда ай соңына дейін ыстық күндер сақталмақ

Алматыда ай соңына дейін ыстық күндер сақталмақ

Алматыда алдағы демалыс күндері ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріледі. «Қазгидрометтің» болжауынша шақшиған күндер ай соңына дейін сақталмақ. Ал шілде айының басында күн бұлттанып, өткінші жауын-шашын болмақ. Ауа тепмературасы түнде 18 градусқа төмендесе, күндіз 24 градусқа дейін төмендейді. Десе де биылғы шілдеде ыстық күндер көп болады деген жорамал бар.

«Маусымның екінші жартысы нағыз қалыпты жаз айларындағыдай ыстық болад деп күтілуде.  Яғни маусымның үшінші онкүндігінде ауаның температурасы түнде Алматы қаласы бойынша 20-25 градус,кей күндері 28 градусқа дейін болады. Ал күндіз ауа температурасы 30-35 градус болса, ал кейбір ыстық күндері 38 градусқа жетеді»,- деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі, Баян ҚАНАЕВА.

Ал еліміздің солтүстігінде керісінше, алдағы бірнеше күнде жаңбыр, қатты бұршақ жауып, күн райы 2-5 градусқа төмендеуі мүмкін. Мұндай құбылыс Еділден Батыс Сібірге қарай жылжыған белсенді циклон салдарынан байқалады. Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстарында жел күшеймек. Ал Қызылорда, Жамбыл, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарындағы кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир