Алматыда Айтмұхамед Абдулиннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті ғалым, Құмкөл кен орынын алғаш ашқан және аймақтық геология, мұнай және газ өндіру геологиясы саласының дара маманы Айтмұхамед Абдуллиннің құметіне ескерткіш тақта орнатылды. Қаныш Сәтбаевтың үзеңгілесі, академик Абдуллиннің есімі біздің елімізге және шетелге де жақсы таныс. Ол 400 ғылыми жұмыстың, 10 монографияның авторы. Сондай-ақ, Қазақстанның құрметті инженері, «Қазақстанның Құрметті кен іздеушісі» атағының иегері. Айта кету керек, академиктің есімі Алматы қаласының Алтын кітабына енгізілген. Мемориалдық тақта қалада орналасқан, ғалымның өзі 50 жылға жуық еңбек еткен Қаныш Сатпаев атындағы геологиялық ғылымдар институты ғимаратының іргесіне орнатылды. Шараға ғалымның замандастары, әріптестері мен шәкірттері және отбасы қатысты.


«Әкемнің қандай керемет адам болғаның, парасатты, ақылды екенің қазір түсініп отырмыз. Ол жастайынан тағдырдың тәлкегіне ұшырап, әке-шешесінен ерте айырылған еді. Балалық шағын туыстарына жалтақтаумен одан қалды балалар үйінде өткізген. Дегенмен, қайратты жан 17 жасында өзі сұранып сұм соғысқа аттанған болатын. Бірнеше рет жарақат алып, жеңіспен елге оралған әкем өз еңбегімен оқуға түсіп, академик атанды. Мен әкемді әр уақытта құрметтеп, оның рухына тағзым етіп өтемін», - деді  А.Абдуллиннің қызы Сәуле АБДУЛЛИНА.


Новости партнеров