ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 2016 жылдың қазан айы мен желтоқсан айы аралығында «Азаматтық бақылау» жобасы іске асты. Соның аясында азаматтардың кеңес алуына арналған қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Мұнда қала тұрғындарына жемқорлыққа қарсы қатысты мәселелер, мемлекеттік қызметкерлердің этикасының бұзылуы және мемлекеттік қызмет бойынша ескертулерге байланысты кеңес беріледі. Кеңес беруді заңгерлер жүргізеді. Азаматтардың аталмыш қабылдау бөлмесіне жүгінуі арқылы орталық қоғамдағы өткір мәселелерді анықтайтын болады.
«Қабылдау бөлмесі туралы ақпараттың жұмысы жайлы кеңінен ақпарат беру үшін қаладағы 8 Халыққа қызмет көрсету орталығында, 2 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында және аудан әкімшіліктері мен салық инспекцияларында ақпараттық стендтер орналастырылған. Одан бөлек, сенім телефондары бар постерлер ілінген. Біздің телефондар 267 01 27. Азаматтар мұнда күнделікті жұмыс уақытында хабарласа алады», - деді «Ақпараттық-ресурстық орталығы» ҚҚ директоры Алтынай КӨБЕЕВА.