Алматыда «Жарасым» жастар ұйымы флешмоб ұйымдастырды

20.01.2017 16:00

«Қазақстан - тек алға!». Алматыда «Жарасым» жастар ұйымы спортшыларға рух беретін флешмоб ұйымдастырды. Студенттер, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, белгілі спортшылар мен қоғам қайраткерлері арнайы дайындалған стэндтке өз тілектерін жазды. Универсиадаға қатысушыларға отандастарымыз үлкен үміт артуда. Бұл шараның мақсаты өз жерімізде өтетін жарысқа жұрттың қызығушылығын арттыру.

«Халықаралық үлкен жарыс болып жатыр. Онымен байланысты мен өз атымнан бір шығарма жаздым. Өйткені, біздің қатысушыларымызды қолдау керек. Олар біледі оның артында біз бар екенімізді. Жас ретінде, ата-ана ретінде барлығымыз оларды қатты қолдаймыз және алғашқы орын алуға тілектеспіз»,-деді ҚХА жанындағы «Жарасым» жастар ұйымының мүшесі, Даниэль ДЖЕЙМС.

Шараға қатысушылар Универсиаданы асыға күтуде. Олар қазақстандық спортшыларды жарыс барысында да қолдаймыз деп тарқасты.