Алматыда жастарды жат ағымдардан қорғау үшін іс-шаралар өтуде

25.10.2017 22:19

Жастарды жат ағымдардан қорғау үшін Алматыда жылына бес жүзге жуық іс-шара өткізіледі. Қалалық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековтың айтуынша,жат ағым жетегінде кеткен жастардың психологиясын жөндеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. "Заман-ай" қойылымының кезекті санын сахнада сомдаған әртістер шырмауға түсіп, өмірлік жолынан адасқан адамдардың аянышты халін көпке көрсетті. Тек ресми жиын, жиналыс арқылы ғана емес, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын театрландырылған көріністер арқылыда жүргізу жастардың жат ағымнан қорғануына көмек береді. Қойылымда көлік қақтығысының көбейіп кетуі де көрсетілді. Жоғарғы талғаммен қойылған көріністерге жиылған жұрт біресе езу тартса, енді бірде көздері еріксіз жасқа толды.