Алматыда жастарды жұмыспен қамтуды қала әкімдігі мен ЖОО бірлесіп шешпек

Алматыда жастарды жұмыспен қамтуды қала әкімдігі мен ЖОО бірлесіп шешпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жастарды жұмыспен қамтуды қала әкімдігі мен жоғары оқу орындары бірлесіп шешпек. Қазір білім ордасының басшыларымен кездесулер өткізілуде. Себебі оқу орнын бітірген түлектер арасында қызметпен қамтылмағандар саны көп. Сондықтан қазір бұл мәселе өзекті болып тұр. Бүгінде қаладағы жастар саны 800 мыңды құрайды екен. 14 пен 35 жас аралығында азаматтардың күрмеулі мәселелерін шешу мақсатында қалада «Жастарды қолдаудың Алматы 2020 Жол картасы» жобасы әзірленіп жатыр. Онда басты бес бағыт басымдыққа ие. Қазіргі таңда бағдарламаны түсіндіру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жоба белгілі саясаттанушы, сарапшы және түрлі ұйым жетекшілеріне таныстырылды. Алдағы уақытта мұндай 60 шара ұйымдастырылмақ.

«Барлығын орналастыру мүмкін емес. Оған басқа ерекше бағдарламалар керек. Оның жолын да табу керек. Өйткені бір жағынан жастарды жұмыс тауып беру. Екінші, жағынан ол жастарға жұмыс ұнайды ма, ұнамайды ма? Мысалы кейбіреулерге мына жұмыстың жалақысы нашар дейді. Сондықтан олардың көзқарасын өзгерту керек», - деді Жастар ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат ҚАЛИЕВ.

«Біздің басты мақсат - осы екі аптаның шамасында талқылаудан кейін бұл жобаны нақты Алматы қаласында тұратын барлық жастарға көзқарасын, көкейінде жүрген мәселелерін талқылай отырып, осы жол картасы арқылы  2020 жылға дейін нақты механизмдерді қарастыру. Жастарды қолдаудың нақты тетіктерін қарастыру болып табылады», - деді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс БЕСКЕМПІРОВ.


Новости партнеров