Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды

31.07.2017 17:51

Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен тағы бір жол апаты тіркелді. Оқиға түнде Рысқұлов даңғылы бойында болған. Медиктер мінген көлікке шетел маркілі жеңіл көлігі жаншылып, салдарынан 4 адам жарақат алыпты. Оның бірі - 1 жастағы сәби. Зардап шеккендер қаладағы ауруханалардың біріне шұғыл жеткізілген. Дәрігерлер науқастардың жағдайы қалыпты, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

«Бала қалалық шұғыл медициналық көмек көрсететін ауруханаға жеткізіліп, қабылдау бөлімінде тексерілгеннен кейін, бас пен сүйек жарақаты жоққа шығарылғаннан кейін, баланы қалалық клиникалық балалар ауруханасына жіберілді. Туысқандарынан жазбаша түрде бас тартуға байланысты ауруханалық емдеуден бас тартты»,- деді Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, Ләйлә ИМАНҒАЛИЕВА.