Жаңа оқу жылы 2-ші қыркүйекте басталады

31.07.2017 в 18:06

Биылғы жаңа оқу жылы 2-ші қыркүйекте басталады. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осыған байланысты, еліміздегі барлық мектепте ұйымдастырылатын алғашқы қоңырау шарасы 2-ші қыркүйекке белгіленген. Оқу жылы Құрбан Айт мерекесіне тұспа-тұс келгендіктен, 1 күнге кейін шегеріліп отыр. Қазақстанда күздің бірінші күнінде Құрбан айт мейрамы тойланады.  Ал 2-ші және 3-ші қыркүйек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.