Алматыда 2 ай бұрын жоғалған 18 жастағы Назерке Әріптің өлі денесі табылды. Бұл ақпаратты қыздың туыстары растап отыр. Олардың сөзінше, марқұмды жерлеу рәсімі өткен. Ал қалалық Ішкі істер департаменті ресми мәлімде жасаудан бас тартты. Бұрымдының қандай жағдайда мерт болғаның анықтау үшін полицейлер сараптама нәтижесін күтіп отырғандарын айтады. Еске сала кетейін, Назеркені тәртіп сақшылары тынбай іздеген еді. Оны жұрт соңғы рет 10 маусым күні Тұздыбастау ауылында көргендерін айтқан. Кейін оның Алматыға келгені белгілі болды. Назерке Әріп биыл мектеп бітіріп, тестілеуден 100 балл алған соң, медициналық оқу ордасына түсуді жоспарлаған екен.