Шахан оқиғасында қаза тапқандардың отбасына қосымша млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді

06.09.2017 21:50

Шахан оқиғасында қаза тапқан тоғыз адамның отбасына тағы қосымша миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың бірінші қаңтарында Қарағанды облысының Шахан кентінде көпқабатты үйдің жертөлесіндегі жылыту қазандығы жарылған болатын. Салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 2 тұрғын жарақат алған. Мұндай материалдық жәрдемді осы оқыс оқиғадан зардап шеккендерге көмек қоры көрсетіп жатыр. Біз қайырымдылық қордың өкілдерімен Қарағанды облысынан тікелей байланысқа шығып, жауаптылармен тілдесіп көрмекпіз. Бізге «Шахан кентіндегі төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккендерге көмек қорының» мүшесі Марат Дүйсекеев мырза бізге жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіріп беруге дайын отыр. 

 

- Марат Смақұлы, қайырлы кеш! Осыған дейін қорда қанша қаржы жиналды және ақша көбіне қандай шығындарға жұмсалды?

¤

-Кеш жарық, Нұрсұлтан. Шахан кентіндегі төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккендерге, тұлғаларға көмек қорына 1 қыркүйекке дейін 203 миллион теңге ақша түсті. Оның 190 млн-ы бүгінгі күнге дейін ұсталды. Қорда қалған ақша 7 млн ақша негізінен кіші, орта және үлкен бизнестерден келді. Банктерден, өнеркәсіп мекемелерінен, кен қазушы мекемелерінен келіп түсті. Жеке азаматтардан да үлкен ақшалай көмек келіп түсіп жатыр. Қаражат зардап шеккен жанұяларға жұмсалды. Пәтер жөндеу, пәтер сатып алып беру, бұзылған үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу, шатырын жөндеу, содан кейін мынау жертөледе орналасқан Шахан поселкасында жылыту қазандықтарын үйдің сыртына шығару жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүргізілді. Барлығы бізде 14 пәтер сатып алынуы керек еді, 12 пәтер сатып алып бердік біз зардап шеккендерге. Екі пәтердің өтем ақшасын төледік. Енді жаңағы 16 қазандықтың екеуі бұрын шығарылып тұрған еді. Осы күнге дейін 7-уі шығарылды. 5-уінде сыртқа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың бәрін осы жылыту мерзіміне дейін бітіп, тапсырамыз деп отырмыз.

¤

- Ал, материалдық көмектен бөлек қор қандай жұмыс атқаруда? Зардап шеккендерді үймен қамту мәселесі қолға алынды ма?

¤

-Енді жаңағы төрт пәтер жарылыстан кейін жарамсыз болды. Оны бұзып алып  4 пәтер жаңағы жанұяларға басқа қалалардан Шахтинск пен Қарағанды қалаларынан сатып алынып берді. Қалған 10 пәтер онда тұрғындар тұрғысы келмеді, қосымша зардап шеккендер. Оларға Шахтинск қаласынан пәтер алынып берілді да, ол пәтер біздің қорға берілді. Біз оларды кезекте тұрған жетім балаларға, ол үйлердің жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сол балаларға беріп жатырмыз.

¤

-Тұшымды жауабыңызға рахмет!