Алматыда жол апатынан 4 көлік зардап шекті

Алматыда жол апатынан 4 көлік зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол апатынан 4 көлік зардап шекті. Куәгерлердің сөзінше, жол көлік оқиғасына қазылған жол себеп болған. Қазір жол апатына қатысты тергеу ісі басталды. Зақымданған темір тұлпар иелеріне шығынды кім өтейді? Оқиға орнына барып келген тілші Перизат Көмекбайқызы анықтап көрді.

Бірнеше көліктің соқтығысуына дәл осы қазылған шұңқыр себепші болған. Бұл учаскіден қашып өтпекші болған 4 көлік иесі апатқа ұшырады. Мердігер компания бұл жерді кеше қалпына келтіруге міндеттелген. Алайда, уақытылы жасалмауының салдары осындай жағдайға алып келген. 

Жол көлік оқиғасы кеше түнде Рысқұлов даңғылы бойында болған. Батыс бағытта келе жатқан 4 көлік иесі қазылған жол бөлігін айналып өтпек болған. Алайда, ой-шұңқырдан қашамын деп, кейінгі жолақта келе жатқан темір тұлпарға соқтығысқан. Нәтижесінде, ол көлік жол жиегінде тұрған өзгелерін жаншып өткен. Абырой болғанда, адамдар аман.

¤Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов арнайы келді. Жауапты мекеме өкілдерінің барлығы табылды бұл жерден. Су желісі мекемесі жолды ажыраған құбырларды жалғау үшін қазыпты. Ол құбыр арқылы Жетісу, Әуезов және Алмалы ауданы тұрғындарына су жеткізіліп отырған.

«Біз құбырды уақытылы жасадық. Сенбі күннен жексенбіге дейін апат қалпына келтірілді. 800 милиметрлік құбырдың жалғанған жері ажырады. Құбырды жамау үшін 3 метр қазылды. Жұмыс аяқталған соң, құм төседікте. Асфальт төсеу үшін мердігер компанияға дүйсенбі күні таңертең тапсырыс бердік»,- деді "Су желісі" МКК бас директоры, ГҮЛНӘР НАХМЕТОВА. 

Ал, Дүйсенбі күні асфальт төселмеген. Жолды жөндеп жатқандығы туралы белгі де қойылмапты. Соның салдарынан көлік апаты болды дейді су желісі кәсіпорнының өкілдері. Сондықтан, шығынды жұмысты уақытылы аяқтамаған мердігер компания толық өтейтін болады.

Қалалық ішкі істер департаменті жол апатының себебін анықтауға кірісті. Қазір, тиісті тергеу басталған.

Перизат Көмекбайқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы

 

Новости партнеров