|
25.01.2018 | 17:07
1376

Алматыда жол ережесін бұзатындар саны азаймай тұр

Алматыда жол ережесін бұзатындар саны азаймай тұр

Алматыда елбасы жолдауы талқыланды. Жергілікті маслихат депутаттары көрсетілген басым бағыттардың орындалуына барынша күш салу қажеттігін айтты. Болашақтағы шаруаны ойлаған шенділер жергілікті полиция қызметінің былтырғы есебін де тыңдап үлгерді. 2017-ші жылы қоғамдық орындарда жол-патрульдық полициясы 7300-ден аса қылмыстың ізін суытпай ашқан. Нәтижесінде, қылмысты ашу дерегі 18 пайызға жақсарған. Дегенмен, жол ережесін бұзатындар тыйылмай тұр екен. Былтыр 360 мыңнан аса жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көлік құралдарын 2 мың 388 жүргізуші мас күйінде басқарса, 5 мың 200-ге жуығы куәліктерінен айырылыпты. Ережені бұзғандарға салынған 3 млрдтан астам теңгенің 92 пайызы өндірілген.

«Заң бұзушылықты алдын-алу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері саптық бөліністе және құрамы қызметкерлерімен қызмет өткеру Ішкі Істер департаменті жергілікті полиция қызметіне тұрақты түрде тексерілді. Осылайша ағымдағы жылы 12 ай бойынша бізде 91 ашық және 5 жабық түрде тексеру жүргізеді. Нәтижесінде, 35 жол-патрульдық қызметтерінен босатылды. Бұл жаңағы видеорегистраторды қолданбауы және коррупциялық сұрақтар бойынша»,-деді Алматы қаласы IIД жергілікті полиция қызметінің басшысы, Жасұлан БАЙКЕНОВ.

Ал, жол көлік апатын тудырғандардың кесірінен биыл 5 мыңнан аса адам жарақат алған. Оқиға орнында 136 адам көз жұмған. Бірақ бұл 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда аз. Депутаттарға есеп берген жергілікті полиция басшысы учаскелік инспекторлар отыратын орын мен полиция пунктерінің жетіспейтіндігін айтып қалды. Бұл, мәселе алдағы уақытта маслихатта қаралатын болады. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир