Алматыда «Жолда қабылдау» республикалық шарасы ұйымдастырылды

Алматыда «Жолда қабылдау» республикалық шарасы ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық көлік жүргізушілерінің басым бөлігі айыппұл мөлшерінің шамадан көптігін алға тартады. Қалада «Жолда қабылдау» республикалық шарасы ұйымдастырылып, әкімшілік полиция қызметкерлері тұрғындардың жолға байланысты көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Айыппұл мәселесімен қатар қалалықтар, жүргіншілер жолағын көбейтуді, жаяу адамдарға арналған бағдаршамды нақты таңбамен белгілеуді өтінген көрінеді. Сондай-ақ, кезінде сенімхатпен көлігін сатқан азаматтардың сауалдары да тыңдалып, кеңестер берілді.  Жолда қабылдау өткізген полиция қызметкерлері жарты күнде 30-ға жуық азаматты қабылдаған.

«Көбінесе сұрақтар мына жол жүру ережесі бойынша қойылып жатыр. Әкімшілік айыппұлдың көптігі, бейнебақылаудағы айыппұлдың көптігі сондай сұрақтар қойылып жатыр. Осы сұрақтардың бәрін біздің басшыларға жеткізетіз, халықтың талап-тілектерін»,- деді Наурызбай ауданының әкімшілік полиция инспекторы, Қанат МУГИЕВ.

Новости партнеров