Алматыда зағип балаларға көмек көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда зағип балаларға көмек көрсетілді. «Асыл бала» республикалық қауымдастығы №4-ші Островский атындағы мектеп-интернатына соңғы үлгідегі «Тифлакешенді» тарту етті. Аталмыш кешен арнайы зағип жандарға лайықталып жасалған брайль мониторы бар техникалардан құралған. Мамандардың айтуынша, бұл құрылғылар балалардың білімін жетілдіру үшін ауадай қажет.¤

«20-дан астам мектепте, 20-дан астам балабақшаларда әлеуметтік топтарды құрып отырмыз. Сол топтарда біз оқыту жағына көмек көрсетіп отырмыз. Мектепке баратын балаларды біз мектепке баруға көмектесеміз. Осындай қайырымдылық жұмыстарын өткізудеміз. Былтырғы жылдан бастап білім жолы атты интелектуалды марафон да өткізіп жатырмыз»,- деді «Асыл бала» Республикалық Қауымдастығының мүшесі, Айгүл ӘДІЛБАЕВА.

Қазір аталмыш мектепте 200-ге жуық зағип балалар білім алып жатқан көрінеді. Сондай-ақ,  Қайырымдылық қауымдастық мүмкіндігі шектеулі балаларға «Юсимас» бағдарламасын да тегін орнатып берген екен.

«Біз күнделікті информатика пәнінен компьютерлермен заниматься етеміз. Бізде ұстазымыз үйретеміз компьютерларды. Говорящая программа дейді, ол жерде мысалы біз жазамыз ана деп, А-ны бассақ, А А деп айтып отырады»,- деді Оқушы, Әсел КЕНДІРБЕК.

Новости партнеров