Алматыда жыл соңына дейін саябақтар мен көшелерге 30 мыңнан аса ағаш пен бұта отырғызылады

25.06.2018 16:35

Алматыда жыл аяғына дейін 32 мың ағаш пен бұта отырғызылады. Жасыл желектер жүргіншілер жолы мен қаланың жаңа саябақтарына көптеп егілмек. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мәлімдеді. Әсет Масабаевтың айтуынша, алдағы күзде мәслихат депутаттарына ағаштарды заңсыз кесетіндерге қатысты жаңа ережелер ұсынылмақ. Айта кетейік, былтыр бұзақылар 100 карамель мен каштан ағашын бүлдіріп кеткен болатын.

«Барлық саябақтарда 16 жобалау бойынша бәрінде сумен суару жүйелері қайта жасалады, көше жақтары қайта жасалады, тематикалық бағыты айқындалады. Және ішіне қойылатын ойын алаңдары мен орындықтары халықтың ескертпелерін ескере отырып қойылады. Бұл бағыта үлкен жұмыстар сіздермен бірлесе отырып жасаймыз деп ойлаймыз»,-деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.