Алматыда тағы бір жылу құбыры жарылды. Таңғы тоғыздар шамасында Қарасай мен Гайдар көшелерінің қиылысында апат болып, оқиға төңіректегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Абырой болғанда, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Ал, "Алматы жылу жүйесі" серіктестігі апат сынақ кезінде болуы мүмкін дейді. Олар осыған дейін шіріген құбырларды анықтау гидравикалық сынақтар өткізіп тұратындарын осыған дейін хабарлаған еді. Бүлінген аумақ қысқа мерзімде қалыпқа келтірілмек.