Елімізде шеттен келіп, табыс табатындар көбейген

18.07.2017 17:34

Елімізде шеттен келіп, табыс табатындар көбейген. Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы демографиялық ахуал мен мигранттарға қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Сонымен, жыл басынан бері елімізде ресми түрде тіркелген мигранттар саны 7 мың 204 адамға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,3 пайызға артық. Келімсектердің дені Алматы мен Астанаға келгіштейді. Сандарға сенсек, қазір Елордада 20 мың 647, ал Алматыда 9 мың 698 мигрант еңбек етуде. 2017-ші жылдың 1-ші маусым айындағы көрсеткіштер бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 14 мың 200 адамға жеткен. Оның ішінде қала тұрғындары 10 млн 358 мың адам, яғни 57,5 пайыз. Ал ауылдағы ағайын саны 7 млн 656 мың 200 адамға жуықтайды.