Алматыда дүкенге жапсарлас салынған заңсыз нысандар сүрілді

16.01.2018 21:32

Алматыда дүкенге жапсарлас салынған заңсыз нысандар сүрілді. Жалпы аумағы 112 шаршы метрді құрайтын пластик дүңгіршіктер шамамен 2 жылдан бері жеміс-жидек пен жеңсік ас дайындап, сатып келген. Нысанда қауіпсіздік талаптары сақталынбайды деген соң үйдің тұрғындары қала басшылығына  арыз түсірген. Өйткені, кәсіпкер олардан рұқсат сұрамаған. Кейін мамандар нысанды тексеріп, бірде бір құжаты жоқ екендігін анықтаған. Кәсіп иесіне сот 64 мың теңге көлемінде айыппұл төлетіп, дүңгіршектерді мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарған. Дегенмен, дүкеннің иесі құрылыс материалдарын сақтау үшін нысанды өз еркімен сүрді.