Алматыда екі бірдей жантүршігерлік жол апаты болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда екі бірдей жантүршігерлік жол апаты болды. Алғашқысында жоғарғы жылдамдықта жүйіткіп келе жатқан BMW маркілі көлік қарсы алдындағы қос машинаға жаншылады. Салдарынан соғылған көлік ішіндегі 4 бала зардап шеккен. Одан бөлек, неміс машинасын тізгіндеген жүргізуші де жарақат алыпты. Дәрігерлер оларды қала ауруханаларының біріне алып кетті. Ал, екінші жағдайда жиекте қол бұлғап тұрған адамды жол-жөнекей алып кетпек болған жүргізуші қапыда апатқа ұшырайды. Лезде оңға бұрылғанында, оған «Mazda» келіп түйіскен екен. Соққының қатты болғаны соншалық, «Mercedes» көлігі бірнеше рет аударылып, оны тізгіндеген азамат ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер қос оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34