Алматыда Елорданың 20 жылдығына арналған мерейтойлық сыйлық табысталмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда еліміздің жүрегі Астананың 20 жылдығына арналған мерейтойлық сыйлық табысталмақ. Ол елорданың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қала тұрғындарына беріледі. Жеңімпаздардың есімі 10 желтоқсанда белгілі болады. Себебі дәл осы күні астана Алматыдан бас қалаға ауыстыру туралы шешім қабылданған.

«Астана - Ардағым» премиясына 20 номинация бойынша үміткерлер таңдалған. Олардың арасында білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, инновация, өнер және спорт салалары бар. Номинанттар арасынан үздікті таңдауға кез келген азамат үлес қоса алады. Дауыс беру үшін  astana.ardaq.kz сайтына кіру қажет.

«Бұл сайт 1 желтоқсанда ашылған. 8 желтоқсанға дейін дауыс беру мүмкінідігі бар. Арнайы комиссияның негізіне ұсынылып, басым көпшілігі халықтың дауысы арқылы қайсы номинация басым дауысқа ие сол жеңімпаз иесі атанады», - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр АЛИЕВ.

Елорданың дамуына музыка саласында үлес қосқандар арасында композитор, әнші, еліміздің  Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров бар. Оның осыдан 20 жыл бұрын еліміздің жүрегі бас қалаға арнап «Арман қала – Астана» атты әні шыққан. Одан кейін «Сарыарқа» әні де тыңдарманға жол тартты. Араға 20 жыл салып, өнер иесі елордаға тағы бір туындысын арнады.

«Астана-Ардағым» премиясының жеңімпаздары Алматыда 10 желтоқсан күні белгілі болады. Себебі дәл осы күні елорданы еліміздің бас қаласы деп белгілеу туралы шешім шығарылыпты. 20 жылдық мерейтойға орайластырылған шаралар келесі жылы да ұйымдастырылады.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров