Алматыда гранатамен ұсталған жігітке сот үкім кесті

Алматыда гранатамен ұсталған жігітке сот үкім кесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр күзде алматылықтардың түн ұйқысын төрт бөлген арнайы операция кезінде гранатамен ұсталған жігітке сот үкім кесті. Оқ өтпейтін көлікті қару-жараққа толтырып, тәртіп сақшыларына қарсылық білдірген Дәурен Әлеуханов 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Ол басқарған Land Cruiser  көлігі заңды тұлғаға тіркелсе де, қылмыс құралы болғандықтан мемлекет меншігіне өтетін болды. Ал тәркіленген «Ф-1» жауынгерлік жарылғыш заты, пышақ, автомат пен оқжатардың көзі жойылып, брон кеудеше Ішкі істер департаметіне қолданысқа берілмек. Сот бұл атышулы процесті қысқартылған формада қарап, бар-жоғы екі аптаның ішінде соңғы нүктесін қойды.

«Сот үкім етті. Әлеуханов Дәурен Тұрсыналыұлын ҚР ҚК 287-ші бабы 3 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған осы бап бойынша 2 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК 346-ші бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп танып, оған көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылсын», - деді Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотының судьясы Жанат БЕКЖАНОВ.


Новости партнеров