Алматыда «Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанаға тарту! Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші өтті.
Концертті тамашалауға жиылған жұртшылық дәстүрлі өнер шаңырағында Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ұлжан Байбосынова, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Нұржан Жанпейісов, Ерболат Шалдыбеков, Дәуренбек Әркенов, Шолпан Дәржанова, Нұркен Әшіров, Оспан Құлсымақ, Сәулежан Тағзия және т.б. белгілі дәстүрлі өнер қайраткерлері мен «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің орындауындағы көнеден жеткен жауһар жырды, әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, құлақ құрышын қандырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10