Алматыда инвестициялық жобалар бойынша 50 меморандумға қол қойылмақ

Алматыда инвестициялық жобалар бойынша 50 меморандумға қол қойылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда құны 300 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар бойынша 50 меморандумға қол қойылады. Соның арқасында заманауи өнеркәсіптер бой көтеріп, жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Іскерлік жобалар 7-9 желтоқсан аралығында Алматыда өтетін ІV-ші Халықаралық инвестициялық форум аясында жүзеге асады. Орталық Азиядағы ең ірі инвестициялық шараға 500-ден астам шетелдік және отандық кәсіпкерлер қатысады. Олардың қатарында алып шаһарға ірі көлемде инвестиция салып, сол арқылы табысқа кенеліп отырған кәсіпкерлер мен инвестиция салуды жоспарлап жүрген ірі халықаралық ұйымдардың басшылары да бар. Үш күнге созылатын шарада Алматы қаласының сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі мен іскерлік туризм кеңірек талқыланады. Сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік және индустриалдық даму бойынша қаланың бизнес мүмкіндіктері сөз етіледі.

«Индустриалдық аймақта үлкен бір бидай өңдейтін зауытын соғу - өте үлкен жоба. Оны біздің өзіміздің отандық инвесторлар іске асыратын болады. Одан кейін өзіміз айтып отырмыз сауда орталықтарын, цевилизациялық сауда орталықтарын дамытамыз деп. Шет елде істеп жатқан үлкен трансұлттық компаниялар келіп бізге осындай орталықтар соғамыз деп отыр», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас МӘДИЕВ.

Форумға 25-ке жуық халықаралық сарапшы мен қалталы қаржыгерлер келеді деп күтілуде. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қай салаға инвестиция салудың тиімділігін талдайды. Шара кезінде жаңадан кәсіп ашқысы келетіндердің стартап жобалары да қарастырылады. Ал, Алматының өнеркәсіптік аймақтары мен туристік нысандары бойынша қызығушылық танытқан кәсіпкерлер үшін инвестициялық турлар өткізіледі. 

Новости партнеров