Сенген қойым сен болсаң... Қалалық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, Алматыда ірі көлемде пара алған полицей ұсталды. Ішкі істер департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері сот шешімен қамауға алынды. Күдікті сақшы жеке тұлғадан 9 мың доллар және 320 мың теңге көлемінде пара алмақ болған.