¤Бүгін Алматыда қаланың мәслихат депутаттығындағы бос үш орынға «Нұр Отан» партиясынан кандидаттар таңдалды. Олардың арасында қалаға көп көмегі тиген кәсіпкер мен жоғарғы оқу, ғылыми-зерттеу саласында қызмет ететін ғалымдар бар. Атап айтқанда, «Алматы қаласының даму орталығының» басқарма төрайымы Жанна Төлегенова, кәсіпкер Вячеслав Банщиков және Халықаралық инновациялық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков өздерін ұсынды. Олардың кандидаттығын халық қалаулылары кезекті қалалық мәслихатта қарайтын болады. Сондай-ақ, конференция барысында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының 9 жеңімпазы марапатталды. Жүлдеге нөмірі 12-ші емхана, «Алматы су Холдингі» секілді мекемелер ие болды. Айта кетейін, қалалық филиалдың құрамында 90 мыңға жуық партия мүшесі мен 700 бастауыш партия ұйымдары бар.
¤«Бүгін қалалық мәслихаттағы өз міндетінен босатылған депутаттардың орнына жаңа үміткерлер таңдалады. Динар Нөкетаева сенаторлыққа сайланып, ал Қанат Төсекбаев жұмысын Батыс Қазақстан облысына ауыстырды. Енді ол тек бір емхананы емес, өз саласында білдей облысты басқарады. Биылғы халық таңдаған депутаттар шынымен елеулі жұмыс атқарды. Қала бюджетін қарастырып, бірігіп бірнеше өзгерістер енгізді. Қоғамдық кеңес те қарқынды жұмыстар атқаруда. Пәтер иелері кооперативтерінің ісін ретке келтіріп жатырмыз. Қаладағы мекемелердің басшыларымен 740-тан астам жиналыс өткізілді», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.
¤ «Осы уақытқа дейін қаладағы көптеген жобалардың жүзеге асуына ат салысқанмын. Бірнеше балалар алаңын салып бердім. Басқа да ойлар көп. Басты мақсат – депутаттық мандат алу емес. Халыққа жақын болу. Әлеуметтік салаға баса назар аударғым келеді. Әсіресе, веложолақтың санын арттыру керек. Жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру сынды жоспарлар бар. Елбасының "Туған жер" бағдарламасын қолдап, 2 голливудтық фильмді қазақ тіліне аударуға көмектестім», - деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Вячеслав БАНЩИКОВ.
¤Биыл Алматының мәслихат депутаттары қала қаржысына 11,5 млрд теңгеге жуық инвестиция құйған. Отырыста қала басшысы Бауыржан Байбек атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, осы жылы "Туған жер" бағдарламасы аясында "Электрокабель" зауыты бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емхананы сыйға тартпақ. Ал, білім күнінде "Сәби" қоры 1200 балаға шақталған мектепті салып берген. Инвесторлардың қаржысына балабақша ашудың арқасында үкімет 14 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдепті. Ал әлгі қаржыға көптеген қаржылық көлікті ілгерілету, аулаларды жаңарту жұмыстары жасалған. Одан өзге, "Грин бас" компаниясы жаңадан 130 автобус алса, "АлмаТранс" 100 қоғамдық көлік сатып алыпты. Тағы да қала қаржысынан 500-ге жуық аула жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстар бюджеттің бір жарым есеге қысқартылғанына қарамастан жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ, биыл бір-бірімен жалғасатын 20 шақырым веложолақ пайда болады. Ал ескі 1300-ден аса дүңгіршек сүріліп тасталды.
«Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай атқарылған жұмысты халыққа түсіндіру керек. Бұл партияның алдындағы үлкен міндет. Халықпен бірге болу. Бас партия елдің сеніміне кіріп, мәселені шешсе ғана құрмет пайда болады. Елбасының "Рухани жаңғыру" мен "Туған жер" бағдарламасыда өз деңгейінде жүзеге асып жатыр. "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" мақаласы да назардан тыс қалмады. Көптеген мәселелерден бөлек, экономиканы модернизациялау, сандық жүйеге көшіру бойынша Алматыда жұмыстар атқарылуда», - деді Алматы қаласының әкімі.