Алматыда кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар ұйымдастырылуда

Алматыда кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар ұйымдастырылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 100-ге жуық кәсіпкерге біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылуда. Бизнесмендерге дәрісті техникалық реттеу және метрология саласының үздік аудиторлары мен сарапшылары оқитын болады. Тіпті, Беларусь елінен арнайы маман шақыртылған. 3 сәуірде басталған шара ертең де жалғасын табады. Қатысушылардың арасында тамақ өндірісі, машина жасау және құрылыс саласы мен басқа да кәсіпорын қызметкерлері бар.

«Семинарда менеджмент жүйесін интеграциялау, дамыту және пайдалану тәсілдері, басқару жүйелерінің аудиті бойынша нұсқаулық дәріс оқимын. Одан бөлек, өз елімнің тәжірибесімен бөлісіп, туындайтын мәселе тұрғысында әңгіме қозғалады», - деді Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институтының сарапшы-аудиторы Олег ЩЕРБАЧ.

«Сарапшы аудитор Щербачтің баяндамасы бізге өте жоғары пайдалы. Неге десеңіз, біз енді бір Кедендік одақта болғандықтан біз қазір Ресей Федерациясымен жұмыс істеп жатырмыз. Солардың талаптарына сәйкес көптеген жұмыстардың басын ашып алдық деуге болады», - деді «Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ зертхана орталығының басшысы Роза РГЫЗБАЕВА.


Новости партнеров