Алматыдағы «Оңтүстік» саябағын қайта жаңғырту кезінде тұрғындардың тілегі ескеріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Оңтүстік» саябағын қайта жаңғырту кезінде тұрғындардың талап-тілегі ескеріледі. Демалыс орнында қала әкімінің орынбасары халықпен кездесіп, алда атқарылатын жұмыстар жайын жіпке тізді. Жоба бойынша онда жарық шамдары жаңартылып, субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар, арық жүйелері қайта жасалып, веложолдар да салынбақ. Ең бастысы - саябақ сәби арбасын сүйреген аналар мен балаларға, жаны тыныштықты қалайтын қарттарға да ыңғайлы етіп жасалмақ. Қайта жаңарту кезінде жасыл желекті сақтауға да баса назар аударылатын болады.

«14 гектар аумақты алып жатқан саябақта көше шамдары, ағаштарды суаратын жүйе жоқ. Әсіресе жаздың шілде мен тамыз айларында өсімдіктер қурап кететін. Жасыл желекті суаратын көліктер оған жеткіліксіз деп санаймыз. Барлығын жинақтай келе бірнеше эскиздік жобаларды ұсындық. Онымен тұрғындарды жақынырақ таныстырамыз. Ең бастысы  - табиғатқа еш зиян келмейді», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ.


Новости партнеров