Алматыда кезекті балет фестивалі өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кезекті балет фестивалі өтеді. Үш күнге созылатын мәдени шарада Англиядан, Франция және Швейцариядан келген сахна саңлақтары өнер көрсетеді. Одан бөлек, Ресейдің үздік бишілері де тың қойылыммен көрермендерді қуантпақ. Осыған дейін өнерпаздар классикалық үлгідегі қимылдарды орындаса, бұл жолы заманауи хореографияның қыр-сырын көпшілік назарына ұсынады.

«Бүгін халықаралық театр күні. Ал 11 наурыз күні үздік спектакльдерді қойған Мариус Петипаның туған күні болған. Бұл жолғы фестивальде әлемдегі маңызды театр сахналарында өнер көрсеткендердің басы қосылды. Жалпы оларды жинау біз үшін қиынға соқты. Өйткені, жұмыс кестесін сәйкестендіру керек болды. Жалпы еңбекті талап ететін жоба», - деді продюсер Мансұр СМАҒАМБЕТОВ.



Новости партнеров