Алматыда кезекті жылыту маусымы аяқталды

12.04.2017 16:16

Алматыда кезекті жылыту маусымы аяқталды. Бұл туралы қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеп отыр. Қала әкімдігі мұндай шешімге ауа райы бағанының 11 сәуірден бастап +11-ден артық болуына байланысты келген. 2016-2017 жылғы «жылыту маусымын» аяқтау заңға сәйкес бекітілді. Ал «Алматы жылу жүйелері» ЖШС халықтың жылуға төлеген шотын қайта есептемек. Ақшаны қайтару 1 шілдеге дейін жалғасады.

Қала әкімдігі мұндай шешімге ауа райы бағанының 11 сәуірден бастап +11-ден артық болуына байланысты келген.