«Ислам мемлекеті» тобына кірген қазақстандықтар енді азаматтықтарынан айырылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік телеарнаға берген сұхбатында мұның заң жүзінде бекітілген мәжбүрлі шара екендігін атап өтті. «Ислам мемлекеті» тобына қазір 600-ге жуық отандастарымыз кеткен. Бұл - елімізде тыйым салынған лаңкестік топ.
«Біз «Ислам мемлекетінен» қайтып келгендермен алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл нәтиже берер емес. Сондықтан олардың үйлеріне кері оралу жолы жабылатын шешім қабылданды», - деді мемлекет басшысы.