Алматыда конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жалғасуда

10.03.2017 15:46

Алматыда конституциялық реформаны білім саласының мамандарына түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ата Заңға енген өзгерістерден жүздеген ұзтаз бен оқушы хабардар болды. Есте болса, апта басында Парламенттің қос палата депутаттары еліміздің басты құжатына 26 түзету енгізген еді. Нәтижесінде, 19 бап түзеліп, кейбірі тіпті жойылды. Ізінше, Конституциядағы жаңа тармақтар Елбасы мақұлдануына жолданған. Ал, Президент тәртіпке сай, құжатты Конституциялық кеңестің талқысына жіберді.

«Президенттің негізі айтқаны - өзінің біраз өкілеттігін Парламент  пен Үкіметке бөліп берді. Бұл ұсыныс халық тарапынан қолдау тапты. Бірақ негізгі басымдықтардың барлығы Елбасының құзырында», - деді Алматы қаласы №185 мектеп директоры Алдоңғар ЕГЕУБАЙҰЛЫ.