Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетейік, 6 наурызда Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдап, президенттің қол қоюына жіберген болатын. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған.
«Біз өкілді органдардың құзырын кеңейтіп, үкіметтің дербестігі мен жауапкершлігін арттырдық. Мен қоғамдық талқылауға белсене ат салысқан барлық азаматтарға алғысымды айтамын»,- Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.