Алматыда көше сыпырушылардың көлік астына түсуі көбейіп кетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көше сыпырушылардың көлік астына түсуі көбейіп кетті. Соңғы үш  жылда тек бір Әуезов ауданынының өзінде екі адам ажал құшып, төрт  адам мүгедек арбаға таңылған. Екі күн бұрын тағы да көлік қағып, ауруханада көз жұмған 62 жастағы азаматты туысқандары мен әріптестері  бүгін жер қойнына тапсырды.

Айлығы аз, азабы көп жұмыс болсада өмірін көше тазалығына арнаған адамның бірі Тамара Ақатаева. Көк арбасын сүйретіп, көшедегі қоқысты тазалап жүргенде көлік қағып, қолын да сындырған. Жұмысшы «жүргізушілердің мәдениеті өте төмен», - дейді. Жол үстіндегі жауапты жүргізушілердің кесірінен бірнеше әріптесі мүгедек боп қалған.  

«Қорыққанымыздан мына арбаны ұстап тұрып қаламыз. Болмаса сыпыртқымызды ұстап қаламыз. Темекілерін тастайды. Үйіндегі қоқыстарында лақтырып кетеді. Адамның  үйінде тәрбиесі жақсы болатын болса ол қоқысты ешқашант астамайды», - деді "Алматы тазалық" МКК жұмысшысы  Тамара АҚАТАЕВА.

¤Саин көшесін сыпырып жүргенде машина қағып қаза болған Қажымұқан Дармұханұлын туыстары мен әріптестері бүгін жер қойнына тапсырды. Зейнетке шығуына 2 ай ғана қалғанда ажал құшқан азаматтың туыстарына компания материалдық көмек көрсеткен.

¤«Әкемнің еңбегіне ешқашан мүсіркеп қараған емеспін. Қайта қуаныш, мақтанышпен айтатынмын. Қанша жылдан бері өз еңбегіне адал істеді. Еш уақытта өзінің міндетін бұлжытпай орындайтын. Жаңағы жүргізуші куәлікті сатып алып жүреді. Ешқандай заңды білмейді, не өзінің құндылығын білмейді. Ол адамды ешқашан кешірмеймін. Бірақ жазасын алғанын қалаймын», - деді марқұм Қ. Дармұханұлының қызы Бағила БЕКМҰРЗАЕВА.

¤Көше қалдықтарын теруге әр ауданнан күніне шамамен 50 ден астам адам шығады. Тек биылдың өзінде 10 жұмысшыны көлік қаққан. Арасында мүгедек болып қалғандары да бар. Ал нақты қанша адамның көше тазалаймын деп жүріп көз жұмғанын ешкім айтпады.

¤«Жүргізушілер қаты жылдамдықпен айдайды көлікті. Бізде әр бір шақырым сайын жұмысшылар бөлінеді.  Алда адамның қолымен істейтін жүйені қысқартып, механикаланған жазалауға ауысамыз. Яғни адамның қауіпсіздігі бірінші орынға қойылады», - деді  "Алматы тазалық" МКК Әуезов ауданы бойынша басшысы Ерлан СҰЛТАН.

¤Қаладағы сегіз ауданның тазалығын 15 мекеме қамтамасыз етеді. Алатын айлықтары 65 мың теңгеден аспасада олар өмірлерін  қатерге тіге күн сайын 23 миллион шаршы метр аумақты тазалайды. Ал қала билігінің айтуынша қазіргі 1400-ден астам  адамнан бөлек көшелердің қыста қарға толмай, тұрақты тазарып тұруы үшін тағы мың жарым жұмысшы керек.


Новости партнеров