Алматыда мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу жалғасуда

02.10.2017 в 20:59

Алматыда мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу жалғасып жатыр. Қазір 16 адам сайлауға түскен. Оның тоғызы – толықтай тіркеліп үлгеріпті. Қалғандары қажетті құжаттарын реттеуде. Тіркелу 4-ші қазанда аяқталады. Үміткерлерге дауыс беру үшін қалада 55 сайлау учаскесі ашылған.                                                         

¤«Кондидаттарға мемлекет тарапынан 245 мың көлемінде ақша бөлінеді. Оның ішінде газет-журналдардан жарияланған, теледидардан хабар беру және өзінің ішкі көлік, мекен-жай, жалдауға ақша бөлінеді», - деді қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна АСАНОВА.