Астана әлемнің ең «ақылды» қалалары тізімінде

02.10.2017 в 21:00

Астана – әлемнің ақылды қалалар қатарында. Экспо көрмесінен кейін арқа төсіндегі елорда технологиясы дамыған 21 шаһардың тізіміне еніпті. Ғалымдар «енді бұл қарқыннан жаңылмау керек», - дейді. Олар студенттердің тың жобаларымен танысып, оларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Халықаралық көрме кезінде көпшілікке таныстырылған жобалардың 68-і осы күні мақұлданыпты. Оларды жүзеге асыру - келешекке нық қадам басуға септігін тигізбек.                     

¤«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу біз үшін үлкен мәртебе. «ЭКСПО» жылда ұйымдастырылады. Бірақ «Болашақ энергиясы» тақырыбында ол бірінші рет өтті. Елордамыз қалай дамып кетті. Әуежай терминалы, теміржол вокзалы, мұражай іспеттес «Нұр Әлем» сәулет ғимараты – мұның бәрі даму жолында жасалған дүниелер», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Серік СЕЙДУМАНОВ.