|
16.06.2017 | 13:56
4954

Алматыда Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды

Алматыда Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды

Медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандардың басын қосқан мерекелік шара ұйымдастырылды. Өз ісінің шеберлеріне қала әкімі атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі ширек ғасырға жуық уақыт бойы медицина саласында адал қызмет атқарып жүргендерді алғаш рет «Еңбек ардагері» медальімен марапаттады. Төс белгіні таққандардың бірі Қазақ ССР-ның соңғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ешмұхамбетов. Ол еңбек жолын 50 жыл бұрын хирург дәрігер болып бастаған. Талай адамның өмірін аман алып қалып, ажалмен арпалысқан зейнеткер бүгінде жас мамандарға көрген, білгенің үйретуден жалығар емес. 

«Шарада Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының биылғы жетістіктері де сөз болды. Атап айтсам осы жылы  бала өлімі 71 пайызға азайған, туберкулез ауруының таралуы 5,8 пайызға кеміген, сондай-ақ, оқыс оқиғалар салдарынан жарақат алғандардың өлімі 9 пайызға азайған. Мерекелік жиынға еліміздің эстрада жұлдыздары да қатысып, медицина саласының майталмандарын құттықтады. Айта кету керек, дәстүр бойынша дәрігерлер  «Үздік менеджер - денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы», «Үздік дәрігер», «Үздік акушерлік қызмет маманы» сынды номинациялар бойынша марапатталды»,- деді «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Талапқали ЕШМҰХАМБЕТОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир