Алматыда мемлекет мүлкін сатпақ болған қызметкер қамауға алынды

Алматыда мемлекет мүлкін сатпақ болған қызметкер қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекет мүлкін сатпақ болған әділет саласының қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Ол сот шешімімен мемлекет пайдасына тәркіленген пәтерді делдалдармен бірге қайта сатпақ болған. Шенеунік пәтерге қойылған тыйымды өздігімен алып тастаған. Қазір бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

«Бұл дерекке осыған ұқсас қылмыстық іске жауапқа тартылған тағы бір адамның қатысы бар. Қазірдің өзінде оған сот үкімі шықты. Ол С, есімді азамат. Әзірге оның аты-жөнін жариялай алмаймыз. Енді ол мүлікті заңсыз иелену дерегі бойынша да жауапқа тартылады. Қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Жарқын ҚҰСАЙЫНОВ.

Сондай-ақ, Медеу ауданының прокурорлары сот шешімдерінің орындалуын қадағалау кезінде қалада тәркіленген 36 пәтердің мемлекет кірісіне алынбағанын анықтаған. құзырлылардың тексерісінен кейін жалпы құны 1,5 млрд теңгеге бағаланған бұл нысандар қала балансына қабылданды. Сондай-ақ, 2 пәтер аукцион арқылы сатылып, қазынаға 205 млн теңге түсті.

Новости партнеров